Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық жомарт жандар марапатталды

0 2  295

Өңірде соны бастамалардың бел ортасында жүріп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мейлінше үлес қосқан жандар баршылық. Ал қайырымды жандардың ісін көпке үлгі етудің тәрбиелік мәні зор. Осыған орай, бүгін «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында осымен төртінші жыл қатарынан «Жомарт жүрек» сыйлығы облыстың атымтай жомарт азаматтарына табысталды.

Салтанатты жиында облыс әкімі Бердібек Сапарбаев «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарына ізгі тілегін жеткізіп, алғыс айтты.

– Қайырымдылық жасау – ата-бабадан жеткен құнды қасиет. Сонау өткен тарихи көзеңдерге көз жүгіртсек, ашаршылық жылдары, бертін келе зұлмат соғысты бастан кешірген қазақ қоғамы қиналғанға қол ұшын созып, қолдаудан қашпады. Осылайша қайырымдық ұлта, ұлысқа бөлінбейтінін көрсетті. Сол секілді «Руахани Жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек», «Жомарт түлек» сынды жобалар туған жердің дамуына үлес қосуға ниетті азаматтарды танытты. Түлектер мектептің жөндеу жұмыстарына, материалдық базасын жетілдіруге үлкен көмек көрсетті. «Асарлатып үй салу» жобасы бойынша азқамтылған жүздеген отбасы баспаналы болды. Әрине мұның барлығы демеушілердің арқасында атқарылып жатқан игі іс. Расында осындай қиын-қыстау кезеңде бірлесіп атқарған жұмыс берекесін береді,–дейді Бердібек Машбекұлы.

Сонымен «Жылдың үздік ұйымы» аталымы бойынша облыстық іскер әйелдер қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрайымы Меруерт Лештаева, «Туған өлке» аталымына Еркінбек Қуатбеков, «Жылдың үздік қамқоршысы» аталымына Мүтәлі Әбутәліп, «Жыл тұлғасы» аталымына Ғалия Әбітаева, сондай-ақ «Жыл меценаты» аталымына Талғат Тұрғұмбаев лайық деп танылды. Салтанатты жиында халыққа демеу болып, үлгі көрсеткен азаматтарға алғыс хат пен ақшалай сыйақы табысталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.