Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық жас жарап тұр

0 74

Өткен сенбі күні Түркістан облысы Бәйдібек ауданы Ақбастау ауылында жасөспірімдер арасында еркін күрестен республикалық турнир өтті. Ұлы Отан соғысының ардагері Сейтжан Смайылұлы атындағы бұл турнир 2021 жылдан бастап дәстүрлі түрде ұйымдастырылуда. Биыл төртінші рет өткен жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен 200 –ге жуық балуан қатысып, өзара мықтыны анықтады. Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Сарыағаш, Кентау, Шымкент қалалары және Жетісай, Отырар, Созақ аудандарынан келген келген 10-13 жас аралығындағы балуандар екі күн бойы белдесті.

Ақбастау елді-мекенінің тумасы, Сейтжан Смайылұлы 1900 жылы дүниеге келген. Оның жастық шағы соғыс кезеңімен тура келіп, ол өз ауылының азаматтарымен бірге 1945 жылы Б.Момышұлының қарамағында, Семей қаласында соғысқа даярлық курсынан өтеді. Даярлықтан кейін соғысқа аттанып, Украина, Владивосток, Рига, Пенза қалаларын азат етуде ерен ерлік көрсетеді. Елі үшін жасаған ерлігі үшін «Заапуги» медалімен марапатталады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері бірнеше төсбелгілер мен медальдарға ие болады. Бүгінде артында қалған ұл-қыздары әулеттің атынан облыстық, республикалық турнир өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұған дейінгі жарыстарда 500-ге жуық қатысушы бақ сынаған кездері де болыпты. Аптаға жуық уақытта кіл мықтылар іріктелетін дейді ұйымдастырушылардың бірі, Жолшыбек Сейтжанов.

– Басты мақсат келешек ұрпақты тәрбиелей отырып, ауданнан шыққан жас спортшыларды республикалық, халықаралық, әлемдік дәрежедегі спорт шеберлері ретінде қалыптастыру. Еліміздің спорт саласын дамытудағы жүйелі түрде ұйымдастырылып келе жатқан іс-шаралардың бірі деп есептеймін.  Бұған қолдау көрсетіп отырған отырған Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мекемесінің ұжымына да алғыс айтамын. Жалып, кіл мықтының барлығы ауылдан шыққан ғой. Сол азаматтарға қолдау болса, елдің туы әрқашан биікте көрінеді. Келешекте бұл турнир дәстүрлі түрде өтеді. Сондай-ақ аудан бойынша күрес спорты дамуда. Спорт үйірмелері ашылып жатыр,-дейді Ш.Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беретін мекемесінің директоры Ж.Сейтжанов.

Дүбірлі додаларда ел намысын қорғайтын жас таланттар осындай жарыстарда ысылады. 10 жастағы жас өрен, Мағжан  Шәден осы спорт түрімен шұғылданып жүргеніне 2 жылдың жүзі болған. Жеткен жетістіктері де көңіл қуантарлық. Осы жолғы жарыста да жүлделі орыннан дәмелі.

– Жарысқа қатысқан балалар өткен жылмен салыстырған анағұрлым көп. Дегенмен, жүлделі орын алатыныма сенімдімін. Жеке бапкерім өзімнің әкем – Қанат. Ол кісі тек жаттығу залында ғана емес, үйде де әбден шынықтырады. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді, – дейді Мағжан.

Бозкілемде бабы мен бағы қатар шапқан жастар жүлдегерлерге  орынға ие болып, бағалы сыйлықтар табысталды. 32 кг салмақ дәрежесі бойынша Жамбыл облысы Жуалы ауданынан келген Бауыржан Төрехан жүлделі І орынды иеленсе, Тұрар Рысқұлов ауданынан келген Алдияр Төлеген ІІ орынды қанжығалады. Үздік үштікті түйіндегендер Жуалы ауданынан Раян Көшербай мен Бәйдібек ауданынан Мұхамедияр Жүзбосын. Бұл турнирге 17 команда қатысып, 32 оқушы орын алды.

Сихымбай ТЕМІРХАНҰЛЫ

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.