Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдықтар Сурдлимпиада жүлдегерлерін қарсы алды

0 168

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов Ж.Үшкемпіров атындағы «Тараз Арена» спорт сарайында XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында жүлдегер атанған жамбылдық спортшыларды салтанатты түрде қарсы алу рәсіміне қатысты.

Жамбыл облысының спортшылары сурдо еркін күрестен ел қоржынына 1 күміс және 1 қола медаль салды.
Күміс жүлдегер – Есжанов Ғабит Тұрсынханұлы.
Қола жүлдегер – Тұрғынбай Ғасыр Мадиярұлы.

Өз сөзінде Серік Жақсылықұлы спортшыларды жеңіске дайындауда үлкен еңбек сіңірген бапкер Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлына алғыс білдірді.

– Бұл – өңір спортшыларының табанды еңбегінің жемісі әрі Жамбыл спортының жоғары әлеуетін көрсететін маңызды жетістік.Жүлдегерлерімізді құттықтап, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тілеймін! – деді облыс әкімінің орынбасары.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.