Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық полицейлер Шу тұрғынан 200 келіге жуық есірткі затын тәркіледі

0 455

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шу ауданы Ақтөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Баусасық» құмды аймағында 43 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Тексеру барысында жалпы салмағы 194 келі «каннабис өсімдігі», 4 келі 800 гр «кептірілген марихуана» және 4 грамнан астам «каннабис шайыры» есірткі заты табылып, тәркіленді.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі уақытта ол Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.