Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық диқандар 3,2 млн тонна өнім жинауды жоспарлап отыр

0 168

«Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында баспасөз конференциясын өткізіп жатқан Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек жамбылдық диқандар бүгінгі таңға дейін 531,6 мың га жаздық дақыл жинап, 1,6 млн тонна өнім алынын айтты.

– Жалпы ағымдағы жылғы ауа райының қолайлылығын ескере отырып, болжаммен 3,2 млн тонна өнім алу күтілуде. Егін жинау науқанына облыс бойынша 10 мың бірлік ауыл шаруашылығы техникасы қатысуда. Ағымдағы жылғы 8 айда 324 дана өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникалары алынып, жоспар 5,8 %-ға орындалды.

Ауыл шаруашылығы техникаларын түгендеу жұмыстарының нәтижесінде, қолдану мерзімі 25 жылдан асқан 3 280 данадан аса техника есептен шығарылды.

Сондай-ақ күзгі дала жұмыстарына 11,4 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Тарату бағасы литріне 250 теңгені құрады. Операторлар тарапынан облысымызға 4,2 мың тн. жеткізіліп, 2,5 мың тн шаруаларға таратылды. Тарату жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, – деді облыс әкімінің орынбасары.

Бұдан бөлек, 2024 жылы 332,4 мың га алқапқа 83,1 мың тонн минералды тыңайтқыш ендіру жоспарланған. Бүгінгі күнге 959 шаруа тарапынан 51,8 мың тонна тыңайтқыш алынып, 255,2 мың га алқапқа себілген. Сондай-ақ су үнемдеу технологияларын өндірумен айналысатын жалпы құны 65 млн АҚШ долларын құрайтын 6 ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы жоспарлануда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.