Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық балуан Нұрданат Айтанов Қазақстан чемпионы атанды

0 44

Әулиеата төрінде өткен еркін күрестен U23 жас ерекшелігі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионатында жамбылдық спортшы Нұрданат Айтанов топ жарып, ел чемпионы атанды.

Аталған жарыста 61 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен балуан финалда қарсыласы Аллан Оралбекпен белдесті. Шешуші кездесуде Нұрданат айқын басымдық танытып, сенімді жеңіске жетті.

Айта кетейік, Айтанов Нұрданат Мұратұлы – халықаралық деңгейде де жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүрген дарынды спортшылардың бірі. Ол 2025 жылы еркін күрестен U-20 Әлем чемпионатының қола жүлдегері атанса, сол жылы өткен U-20 Азия чемпионатында күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар, ол Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен Кубоктарында бірнеше мәрте жеңімпаз және жүлдегер атанған.

Жамбыл өңірінің намысын абыроймен қорғап жүрген жас балуанның бұл жеңісі – оның спорттағы тұрақты еңбегі мен жоғары дайындық деңгейінің айқын дәлелі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.