Жамбылдық балуан әлем чемпионатының финалына шықты
Ержет Жарлықасын әлем чемпионатының ақтық кезеңіне шықты.
Боз кілем шеберіміз грек-рим күресінен 63 кг дейінгі салмақтың жартылай финалында Садық Лалаевты (Бейтарап спортшы) таза жеңді.
Биыл Бішкекте осы салмақта Азия чемпионы атанған Ержет финалда Нихад Захид Мамадлимен шеберлік байқасады.
Айта кетейік, жамбылдық спортшы осыған дейін іріктеу кезеңдерінде Польша және Франциялық балуандарды ұтқан болатын.