Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық балуан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

0 1  192

13-14 сәуір Елордамыз Астана қаласында еркін күрестен Азия чемпионаты өтті.

Құрлық додасына 22 мемлекеттен, 400-ге жуық боз кілем шеберлері сынға түсті.

Байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған жерлесіміз Рахат Қалжан 57 келі салмақта белдесіп, Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Қола жүлде үшін белдесуінде Қалжан Рахат моңғолиялық Занабазар Занбанбудпен сынға түсті. Тартысқа толы сайыста жерлесіміз айқын басымдықпен жеңді.

Айта кетейік, қарсыласы Занабазар Занбанбуд өткен жылғы әлем чемпионатының қола жүлде иегері.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.