Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдық балалар арасында коронавирус жиілеп тұр

0 1  545

  Пандемия басталғаннан бері Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 26273 жағдайы тіркелді. Тек биылдың өзінде 4829 адам ауырды. Соңғы тәулікте КВИ індетінің 13 дерегі анықталды. Бұлардың ішінде 37 пайызы 20-39 жастағы жұмысқа қабілетті жастарды құрайды, 15 пайызы – 14 жасқа дейінгі балалар.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділда Шиналиев айтты. Ол 1 жасқа дейінгі бүлдіршіндер арасындағы жұқпалы дерттің асқынуы алаңдататынын жеткізді. Мәселен, егер былтыр 1 жасқа дейін ауырған балалардың үлес салмағы 0,7 пайыз болса, жыл басынан бері 6 пайызға жеткен.
«Сондықтан, халықтың барлық тиісті топтарын вакцинациялау өзекті болып қала береді. Жамбыл облысы бойынша қазіргі таңда 18 жастан асқан 636 286 адам вакцинациялаудың бірінші компонентімен, 606 307 адам екінші компонентімен қамтылды. Өңірдегі білім беру ұйымдарында 221 оқушы, орта арнайы оқу орындарының 21 студенті, жоғары оқу орындарының 5 студенті, 16 балабақша тәрбиеленушілері және интернаттық ұйымдардың 17 қызметкері бар», – деді спикер.
Байділда Сейділдаұлы Жамбыл облысында Қырғызс Республикасының мемлекеттік шекарасында 6 өткізу пункті жұмыс істейтінін атап өтті. Биыл олардан 46776 адам өткен. Теріс нәтижесі бар ПТР анықтамасының болмауына байланысты Қазақстан Республикасының 2995 азаматы 2 күндік карантинге жатқызылды, 2858 жүргізуші постта COVID-19-ға сүртілді, 12 адамда оң нәтижелер анықталды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.