Жамбыл облысының әкімдігінің қолдауымен жергілікті 24 қаламгердің кітабы жарық көрді. Ол үшін облыстық бюджеттен 50 млн. теңге бөлінген.
Кіптардың тұсаукеріне қатысқан облыс әкімі Ербол Қарашөкеев алдағы уақытта да қаламгерлерді қолдау шаралары жалғасатынын баса айтты.
Игі шара аясында аймақ басшысы Ербол Қарашөкеев өңірдегі зиялы қауыммен кездесіп, ой-ұсыныстарын тыңдап, мәдениет, руханият бағытындағы бірқатар мәселелерді талқылады.
Кездесуде өңірде әдеби орта құру, білім мен мәдениет ошақтарының санын арттыру, әдебиет майталмандарының шығармашылығын көпшілікке паш ету секілді мәселелер талқыланды.