Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында жеңіл көліктің жүргізушісі мен жолаушысы тірідей өртеніп кетті (видео)

0 677

Жамбылда ЗИЛ мен жеңіл көлік соқтығысып, өртке оранған,–деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

23 қыркүйек түнгі сағат 23:15 шамасында Жуалы ауданының Б.Момышұлы және Қошқарата тас жолдарының 24-шақырымында Audi-80 және ЗИЛ-130 автокөліктерінің соқтығысуы орын алды.
Соқтығысудан кейін автокөліктер өртке оранған.

Өрт салдарынан Audi-80 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.
ЗИЛ-130 автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі жарақаттармен Жуалы ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жол-көлік оқиғасының себептері анықталуда, бірқатар сараптамалар тағайындалды.
ҚР Қылмыстық істер жөніндегі кодекстің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде істің мән-жайы жария етілмейді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.