Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда жол құрылысы қарқынды

0 386

Жол – ел экономикасының өзегі, тіршіліктің күретамыры. Сондықтан да жолдарды жөндеуге баса мән беріледі. Бұл бағытта Жамбыл ауданында қолға алынған ауқымды жұмыстар жетерлік.

Айталық, аудан бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 321,6 шақырымды құрайды. Мәселен, ағымдағы жылы 9,2 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар жол жөнделді. Ал 2024 жылға аудандық маңызы бар жолдарды орта жөндеу бойынша 4 жоба әзірленді. Осылайша, Жамбыл ауданында биыл 100-ге жуық ауылішілік көшелер, аудандық маңызы бар жолдарға асфальт төсемі төселуде.
Облыс әкімінің аудан тұр-ғындарымен өткен кездесуінде аудан халқы ауылішілік көшелердің жай-күйін айтып, жөндеу қажеттігін алға тартқан болатын. Бүгінде көтерілген мәселелер бойынша 93 көшеге республикалық, облыстық, аудандық бюджеттен қаржы қаралып, жөн-деу жұмыстары жоспарланса, қазіргі таңда 85 көшенің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған.
Қазіргі таңда Шайдана, Рахат, Еңбек, Тастөбе, Қостөбе, Бірлесу-Еңбек, Шоқай, Аса ауылдарында жолдар 100 пайыз асфальтталған. Келесі жылы 13 ауылдық округтің 18 елді мекенінің 81 ауылішілік көше жолдары мен бұрылыстары жөндеуден өткізілмек.
Жалпы биыл Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарына бөлінген 24,9 миллиард теңгеге 494 жоба жүзеге асуда. Мұның есебінен 800 шақырымға жуық жол орташа жөндеумен қамтылмақ.

Еркін Сайын

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.