ТЖМ «ННЦСНИ» ЖШС-нің сейсмикалық станциялар желісі 28.03 күні сағат 03:42-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.799° с.е., 72.985° ш.б.
Жер сілкінісінің эпицентрі Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан 323 км оңтүстік-батысқа қарай орналасқан (Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылынан 20 км қашықтықта, таулы аймақ).
Есептік қарқындылық (балл бойынша):
Меркі ауылы – 5.0 балл
Құлан ауылы – 4.0 балл
Шу қаласы – 2.0 балл
Төле би ауылы – 2.0 балл
Сарыкемер ауылы – 2.0 балл
Тараз қаласы – 2.0 балл
Қордай ауылы – 2.0 балл
Аса ауылы – 2.0 балл
Мойынқұм ауылы – 2.0 балл
Жер сілкінісінен кейінгі әрекеттер:
Жамбыл облысы ТЖД күштері ғимараттардың қасбеттеріне жіберілді.
«Қазселденқорғау» мекемесінің АГЭТУ мамандары өзен арналары, гидротехникалық құрылыстар, көшкін және сел қаупі бар аумақтарды тексерді.
Патрульдік полиция қызметкерлері өмірлік маңызы бар нысандарды мүмкін болатын зақымдануларға визуалды тексеруден өткізді.
Тексеру нәтижесінде ешқандай зақым анықталған жоқ, барлық нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
Байланыс және штаб жұмысы:
Халықтан негізгі қоңыраулар Тараз қаласы мен Меркі ауылынан келіп түсті.
ТЖД базасында және ТЖМ Командалық орталығында штабтар құрылды, сондай-ақ жедел желі телефондары іске қосылды:
Жамбыл облысы ТЖД жедел желісі: 8 (7262) 513-575
ТЖМ Командалық орталығының жедел желісі: 8 (7172) 559-621
112 нөміріне 20 қоңырау түсті, жедел желіге қоңыраулар түскен жоқ.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түспеген.
