Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда жасөспірімдерге Pfizer вакцинасы салынуда

0 579

   Таразда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді, сондай-ақ жүкті және бала емізетін әйелдерді Pfizer Comirnaty препаратымен вакцинациялау науқаны басталды. Батыс әзірлеушілерінің вакцина пункті № 5 қалалық емханасында орналасқан,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

   Pfizer вакцинасын алғашқылардың бірі болып №42 мектептің 11- сынып оқушысы Николай Юркин қабылдады. Баласын екпе салғызуға әкелген Наталья Маркова бұл туралы былай дейді:
– «Спутник V» вакцинасымен алғашқы егуді 21 жастағы үлкен ұлым алған еді, жақсы өтті, ешқандай жанама әсерлер болған жоқ. Сондықтан кіші ұлымды вакцинациялау туралы мәселе туындаған кезде, біз келісуге бірден шешім қабылдадық. Мектепте бізге Pfizer вакцинасы туралы егжей-тегжейлі айтылды, оның коронавирустан сенімді қорғаныс екендігіне күмәніміз жоқ. Әрине, мен Ана болғандықтан, уайымдадым, түні бойы ұйықтамадым, бірақ бүгін келіп, егуді алдық. Енді 21 күннен кейін вакцинацияның екінші турына келеміз.

Вакцинациядан бұрын дәрігерлер оқушыларға медициналық тексеру жүргізіп,Pfizer вакцинасы туралы ақпарат берді, ата-аналарды толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарға жауаптар да берілді. Процедурадан кейін вакцинацияланғандар жарты сағат бойы бақылауда болды. Барлығы өздерін жақсы сезінді, асқыну болған жоқ.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, 1- ақпаннан бастап Қазақстанда халықты коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналау жүргізілуде. Жамбыл облысында барлығы 631 300 адамды егу жоспарланған. Қазіргі уақытта облыстың 576 мың тұрғыны егілді, бұл 91% – дан асады.

ҚР Бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес Comirnaty BioNTech/Pfizer вакцинасымен иммундау басталды. Мәселен, 11- қарашада біздің облысқа 40 950 доза вакцина жеткізілді. Бүгіннен бастап бұл препаратпен 12-17 жастағы балалар және 16-дан 37 аптаға дейінгі жүкті әйелдер, сондай-ақ емізетін аналар егіледі. 21-28 күннен кейін вакцинацияның екінші кезеңі жүргізіледі. Осы уақытқа дейін халықтың нысаналы топтары арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыс жалғасуда. Жасөспірімдерді вакцинациялау балалардың ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізілетінін атап өткен жөн.

Біздің облыста Pfizer вакцинасымен 139 230 адамды вакцинациялау жоспарлануда, оның ішінде 92 960 адам – 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдер, 46 270 – жүкті және бала емізетін әйелдер. Жақын арада өңір бойынша 441 білім беру мекемесінің медициналық пункттерінде вакцинация жүргізіледі.
Науқанның бірінші күні 12 оқушы вакцинацияланып, 2 Комирнати ампуласы қолданылды. Бір вакцина 6 адамға арналған.

Сондай-ақ, А.Қалиев 22 -қарашадан бастап ревакцинация басталатынын атап өтті.
– Біз вирустың штаммының мутацияланғанын көріп отырмыз, сондықтан, ең алдымен, 65 жастан асқан қарт адамдарға, иммундық жүйесі әлсіреген адамдарға, сондай – ақ алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлеріне, білім беру мекемелері мен ішкі істер қызметкерлеріне ревакцинация жасауды ұсынамыз.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.