Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылдағы 113 жасқа аяқ басқан ана таңдауын жасады

0 194

Күлбарам Сүгірова 113 жасқа аяқ басса да, әлі ширақ. Қырғыз елінде туып-өскен ол Жамбыл ауданы Аса ауылына тұрмысқа шығып, осында ұрпақ өрбітті. Ауданның өркендеуіне еңбегімен үлес қосты.

Бүгін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында өз дауысын берген кейуана Аса ауылындағы №166 референдум учаскесінің сайлаушысы.

Жастайынан қызылша алқабында жұмыс істеген қария бейнеттің бел ортасында жүрді. «Дарақ бір жерден көгереді» дегендей, осы салада ұзақ жылдар бойы тер төгіп, құрметті зейнетке шықты. Ақ жаулықты ана ел игілігіне бағытталған еңбекпен қатар отбасы құндылықтарына да көңіл бөлуді ұмытпады. Құдай қосқан қосағы екеуі екі қыз тәрбиелесе олардың қатары бүгінде 8 немере мен 15 шөбереге жетіп отыр.
Айта кету керек, Жамбыл ауданына қарасты Аса ауылының тұрғыны Күлбарам Сүгірова тек облыс бойынша ең қарт ана.
– Елдің ішінде жүргеннен кейін мұндай науқаннан қалыс қалуға болмайды. Алла халқымызға жар болсын. Бейбітшіліктен айырмасын. Мен де өз дауысымды бердім, – дейді кейуана.

ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында Жамбыл ауданында 35 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады.
Сайлау кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасатын болады

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.