Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда полипропилен өндірісі қарқын алмақ

0 1  840

Бүгінде облысымызда инвестициялық жобаларға ден қойылуда. Соның нәтижесінде өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздықпен күрес күшеюде. Айталық, күні кеше Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек «Arion Invest Eco-Plast» ЖШС компаниясының өкілдерімен кездесті.

Тараптар «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағында полипропилен қаптарын өндіру жобасын талқылады.
Жоба жетекшілері Ілияс Қуанышев пен Әлібек Сүлейменов өз мүмкіндіктері мен алдағы жоспарларын баяндады. Жаңа зауыттың жобалық қуа-ты – жылына 24 миллион дана қап шығару. Кәсіпорын өнімді экспортқа және ішкі нарыққа өткеретін болады. 200-ден астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Кездесу барысында әлеуетті инвесторларға ұсынылатын қолдаулар, инновациялық технологияларды енгізу, алдағы тиімді ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.

Құрбанәлі Шахабай

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.