Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Юаньтуо Энерджи» ЖШС бас директоры Лю Цзибяомен кездесті. Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын нығайту жоспарларын талқылады.
Лю Цзибяо өз кезегінде марганец кенін қайта өңдеу зауытын салу бойынша инвес- тициялық жобасын таныстырды. Құны 30 миллион АҚШ долларын құрайтын жоба аясында 100 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 72 000 тонна.
Сонымен қатар қытайлық компания 100 МВт-қа дейінгі күн және жел электр станцияларын салуға ниетті. Инвестицияның жалпы көлемі 100 миллион АҚШ долларына жетеді.
Аймақ басшысы өз сөзінде кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және ТКШ басқармаларына жобаларды қолдау бойынша мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.
Жұматай Көксубай