Жамбылда карантиндік шаралар жеңілдетіледі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Бағлан Жарылқасынұлы айтты,– деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.
– Азық-түлік, азық-түлік емес базарларға, сауда-ойын-сауық орталығы, сауда үйлері, сауда желісі объектілеріне аптаның барлық күндерінде жұмыс істеуге рұқсат берілді.Діни бірлестіктердің объектілеріне 30 пайыздан асырмай толтырылған, бір адамға кемінде 4 шаршы метр алаң қамтамасыз етілген жағдайда ұжымдық ғибадат етуге рұқсат берілді.Сауналар, моншалар, СПА-орталықтары, бассейндер, спорт кешендері, спорттық-сауықтыру, фитнес, йога-орталықтары аптаның барлық күндері жұмыс істейді, – деді Бағлан Қыдырбаев.