Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда ауылдардың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жүріп жатыр

0 2  021

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үшжақты әріптестігі (бизнес-әкімдік-ҮЕҰ) аясында жүзеге асырылатын әлеуметтік жоба Жамбыл облысының Ойық, Бөлтірік шешен, Сейілбек және Ұланбел ауылдарында басталды. Қазіргі таңда ауылдардыңқоғамдық инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бастымақсат — жергілікті халықтың өмір сүру сапасын арттыру және жастар мен балалардың бос уақытын өткізуге арналған орындар салу.

Жобаны «Samruk-Kazyna Trust»әлеуметтік жобаларды дамыту қорыжәне «Qazaqgaz барлау және өндіру» ЖШС қаржыландырды.

Әлеуметтік инфрақұрылымның жоқтығы ауыл тұрғындарының едәуір бөлігі қалаларға кетуіне негізгі себептерінің бірі.

Жамбыл облысының аудандық әкімдіктері «Даму әлемі» қоғамдық қорымен бірлесіп, отандық компаниялардан ауылдардың инфрақұрылымын дамытуға, ойын және спорт алаңдарын салуға көмек сұраған.

2023 жылдың наурыз айында Жамбыл облысы Ұланбел ауылында балалар ойнайтын, воркаут және баскетбол алаңдарының құрылысы аяқталды.

Сондай-ақ, демеушілердің қаржысынаосы ауылды суармалы сумен қамтамасыз ететін екі ұңғыма тазартылып, күрделі жөндеу жұмыстары  жүргізіледі.

Ал, Ойық, Бөлтірік шешен және Сейілбек елді-мекендерінде «Жамбыл облысы ауылдарының бір бөлігінің инфрақұрылымын кешенді дамыту» жобасы бойынша барлық жұмыстарды демеушілер осы жылдың мамыр айының соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Жамбыл облысы Ұланбел аулыныдағы жаңадан салынған алаң
Жамбыл облысы Ұланбел аулыныдағы жаңадан салынған алаң
Жамбыл облысы Ойық ауылындағы саябақты жөндеу жұмыстарының жоспары
Жамбыл облысы Ойық ауылындағы саябақты жөндеу жұмыстарының жоспары
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.