Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда «Қауіпсіз жол» айлығы барысында 18 000-ға жуық жол ережесін бұзу дерегі анықталды

0 1  073

Ағымдағы жылдың 19 шілдесі мен 18 тамызы аралығында Жамбыл облысы аумағында “Қауіпсіз жол» айлығы жүргiзiлуде. Осыған орай, Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі алаңында жол қозғалысы тәртібін сақтау үшін жұмылдырылатын полиция қызметтері мен бөліністерінің саптық жиыны өтті.

Аталмыш жиында департамент бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Ербол Тайбеков жол қауіпсіздігін сақтау бойынша іс-шараларды жүзеге асыру кезіндегi негізгі ережелер туралы жеке құрамға нұсқаулық өткізді.

Жалпы, «Қауіпсіз жол» айлығының мақсаты – жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру және жүргізушілердің назарын жол ережелерін сақтау қажеттілігіне аудару болып табылады.

Полиция қызметкерлері акция басталғалы 17 713 жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты анықтады. Мас күйінде көлік құралын басқарған 63 жүргізуші жауапқа тартылды. Қоғамдық көліктерге қатысты 142 хаттама толтырылды. Айып тұрағына 377 автокөлік қойылды.

Айлық барысында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай «республикалық автожолында тәртіп сақшылары күшейтілген режимде қызмет атқаруда, яғни бекітілген автожол учаскелерінде тәулік бойы патрульдеуді жүзеге асыруда.
Сондай-ақ, көліктердi тексеріп, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтардың назарына алыс жолға жүрер алдында тынығып, сергек күйде шығуды және көліктің жылдамдығын асырмауды ескертеді!

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.