Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда 6 мың гектардан астам алқапқа қызылша егіледі

0 2  852

Былтыр Жамбыл облысында ауыл шаруашылығы саласында 426,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, биыл бұл көрсеткіш 469,8 млрд. теңгеге жеткізілмек. Жалпы, аймақта өткен жылы мал саны 7,1 %-ға артып, 3,9 млн басты құраған. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 336 бас мүйізді ірі қара мен 29,8 мың бас қой сатып алыныпты. Ал ет өндірісі 6,6 %-ға өсіпті. Алдыңғы жылмен салыстырғанда ет экспорты 3,5 есеге ұлғайып, 4,9 мың тоннаны құраған.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов айтты. Ол 2021 жылы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 29,6 млрд. теңге инвестиция тартылғанын да мәлімдеді. Осы жылы инвестиция көлемін 46,7 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Есепті кезеңде өңірдегі 14 мың шаруашылыққа 19,4 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау көрсетілсе, қаржы институттары арқылы 2079 агроқұрылымға 15,6 млрд. теңге несие берілген.
«Өткен жылы 1275 дана ауыл шаруашылығы техникалары алынып, 10,5 %-ға жаңарды. Биыл 11%-ға жеткіземіз. Сонымен қатар, 19,2 млрд. теңгені құрайтын 18 жоба іске асырылып, 595 жаңа жұмыс орны ашылды. Ал жылдың соңына дейін құны 27,7 млрд. теңгені құрайтын 16 жобаны жүзеге асырып, 599 жұмыс орнын құрамыз. Жалпы, 2025 жылға дейін 350,4 млрд. теңгені құрайтын 50 жоба жүзеге асырып, 3651 жұмыс орнын ашамыз деген жоспар бар», – деді Ербол Жұмабекұлы.
Ол көктемгі дала жұмыстары туралы да сөз етті. Ағын су көлемі өткен жылдың деңгейінде қамтылған жағдайда, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 752,6 мың гектарға 1,7 мың гектарға ұлғаяды екен. Оның ішінде, дәнді және дәнді бұршақты дақылдар – 388,8 мың гектарға, майлы дақылдар – 63,0 мың гектарға., қант қызылшасы – 6,3 мың гектарға, картоп – 11,5 мың гектарға, көкөніс, бақша дақылдары – 60,9 мың гектарға, мал азығы дақылдары – 221,8 мың гектарға, таңқурай, құлпынай 154 гектарға орналасатын болады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.