Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбылда 55 ауылдық округтің тұрғындары толықтай вакцина алды

0 293

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі жауаптыларға тұрғындарды вакцинамен қамту жұмыстарын күшейтуді жүктеген болатын. Коронавирусқа қатысты тұрғындарды екпемен қамту бойынша аудандар рейтингінде Мойынқұм (94,4%), Меркі (88,3%), Т.Рысқұлов (83%), Жамбыл (81,1%), Жуалы (79,7%) аудандары көш бастап тұр.

Вакцинациялауға жататын және медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ облыстың 10 ауданындағы 55 ауылдық округтің тұрғындары коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін толығымен алды. Вакцинациядан кейінгі асқынулар ешкімде байқалған жоқ. Енді тұрғындар кесте бойынша екінші компонентті алады.

Айта кетер болсақ, Мойынқұм ауданында 14 ауылдық округтің тұрғындары, Талас ауданында 12 ауылдық округтің тұрғындары толығымен вакцинациялаудан өткен.

Сарысу ауданындағы 10 ауылдық округтің 7-уінің тұрғындары 100 пайыз COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырған.

Облыс аумағында 43 егу пункті жұмыс істейді, оның 15-і Таразда және 28-і аудандарда. Вакцинаны сақтауға және тасымалдауға арналған тоңазытқыштар және рефрижераторлық үлгіде орнатылған тоңазытқышы бар белсенді термоконтейнерлер алынды.

Вакцинация науқаны жалғасуда.

Ақпараттық-түсіндіру топтары тұрғындарға пандемиямен күресудің ең тиімді әдісі – жаппай вакцинация арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру екенін еске салуда. Вакцинация көптеген жұқпалы аурулармен күресу үшін қолданылады және иммундық жүйені нығайтады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.