Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысының Полиция департаментінде ҚР ІІМ Қарағанды академиясының түлектері кездесті

0 240

Полиция департаментінде Жамбыл облысы ПД ардагерлері – ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы бітірушілерінің бастамасымен 1984 жылдан бастап әртүрлі жастағы түлектерінің кездесуі өтті.

Жамбыл облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Жанат Сүлейменов қонақтардың арасында бүкіл өмірін жас кадрларды даярлап, академияның дамуына арнаған отставкадағы полиция полковнигі Николай Околочныйдың болғаны туралы айтты. Академияда ол оқуын аяқтағаннан кейін бірден жұмыс істей бастаған, ҚР ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясында курс бастығының орынбасарынан бастап, академия бастығының саптық бөлім бойынша орынбасарына дейінгі жолдан өтті. 2010 жылдан бері құрметті демалыста.

Кездесу жылы, достық атмосферада өтті, ардагерлер жұмыс істеп жүрген қызметкерлердің сұрақтарына жауап берді, тәжірибелерімен, естеліктерімен бөлісті және нұсқаулар берді.

Іс-шара соңында Николай Дмитриевичке алғыс хат және Жамбыл облысы Полиция департаментінің логотипі бар сағат табыс етілді. Сондай-ақ, олар ПД мұражайына, Жедел басқару орталығына барды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.