Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында жыл соңына дейін 20 елді мекен табиғи газбен қамтылады

0 143

Ағымдағы жылдың соңына дейін облыстың 20 елді мекендегі 16 мың адамды табиғи газбен қамтамасыз етіп, облыстағы газдандыру үлесін 257 елді мекенге жеткізу көзделуде,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі. 

Бүгінгі күнге жоспарланған 20 елді мекенінің 5-уі табиғи газбен қамтамасыз етілді. Қалған 15 елді мекені бойынша құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. 

Көгілдір отынның рахатын көргендердің бірі  Шу ауданындағы Өндіріс ауылдық округіне қарасты Абай ауылының тұрғындары. 

Ауылдық округтегі ақсақалдар алқасының төрағасы Тобахан Байгисиев игі іске қолдау көрсеткен аудан және ауыл басшылығына, газ құбырын жүргізуде белсенділік танытқан азаматтарға көпшіліктің атынан алғысын білдірді.

Көгілдір отынды үйге орнатып беру құны 300 мың теңгені құрайды. Бұл жұмыстарды «КазТрансГазАймақ» аудандық филиалы жүргізеді. Қазіргі таңда ауыл халқының басым бөлігі көгілдір отынға қосылуға ниет білдіріп отыр.

Аймақта 2021 жылы 25 табиғи газбен жабдықтау нысанының құрылысына 10,8 млрд.теңге  қаржы қарастырылған. Соның ішінде, 17 жоба жыл соңына аяқталса, 8 жоба құрылысы 2022 жылға өтпелі.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.