Жамбыл облыстық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында ЖРВИ және тұмауға қарсы жұмыстар күшейтілді

0 190
Жамбыл облысында ЖРВИ мен тұмаудың таралуына байланысты облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің тапсырмасымен барлық медициналық ұйымдар күшейтілген жұмыс тәртібіне көшті. Жағдай толық бақылауда, шұғыл шаралар атқарылуда.
➖
Нақты атқарылып жатқан шаралар
1. Төсек қоры артты
Инфекциялық стационарларда 964 төсек-орын (оның ішінде 65 реанимациялық) жұмыс істеп тұр.
Балалар арасындағы аурушаңдықтың артуына байланысты қосымша 310 төсек, соның ішінде 80 резервтік төсек іске қосылды.
Мырзатай реабилитациялық орталығы 100 төсекпен резервке дайын.
Қазіргі жүктеме — 87%.
2. Медициналық ұйымдардың қызметі кеңейтілді
Емханалар 08:00–20:00 (дүйсенбі–жұма) және 09:00–18:00 (демалыс күндері) жұмыс істейді.
Барлық емханаларда фильтр-кабинеттер ашылып, қызуы бар науқастар бөлек қабылдануда.
Қосымша Call-орталық желілері іске қосылды, онлайн жазылу күшейтілді.
3. Санитарлық талаптар күшейтілді
Барлық медициналық ұйымдарда маскалық режим енгізілді.
Эпидқауіпсіздік жоспарына сәйкес күнделікті мониторинг жүргізілуде.
Медициналық персонал жеке қорғаныс құралдарымен толық қамтылған.
4. Жедел көмек және мобильді бригадалар
Облыс бойынша 150 мобильді бригада жұмыс істеп тұр.
Жедел жағдайларға қызмет көрсетуге 60 арнайы көлік жұмылдырылды.
20 емханада балалар мен жүкті әйелдерге арналған екі деңгейлі фильтр ұйымдастырылды.
5. Препараттар мен құрал-жабдықтар толық жеткілікті.
16 мыңнан астам Тамифлю,
1 мың Реленза,
антивирустық препараттар мен оксолин майы,
236 ӨЖЖ аппараты,
700 мыңнан астам маска,
300 мыңнан астам шпатель мен термометр,
6 млн-нан аса дезинфекциялық таблетка бар.
6. Вакцинация
Жергілікті бюджет есебінен 123 000 доза вакцина сатып алынды.
110 340 тәуекел тобының адамы егілді.
Вакцинация пункттері күшейтілген режимде жұмыс істеп тұр.
➖
Ағымдағы эпидемиологиялық ахуал
1 қазан–18 қараша аралығында облыста 55 571 ЖРВИ жағдайы тіркелді.
Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,7% жоғары.
14 жасқа дейінгі 34 250 бала, 2 797 нәресте, 2 396 жүкті әйел есепке алынды.
Зертханалық зерттеуден өткен 168 жағдайдың 61-інде А(H3N2) тұмауы анықталды.
Өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ.
Тұрғындардан маусымдық инфекциялар кезеңінде жеке санитарлық талаптарды сақтап, алғашқы белгілер байқалғанда дереу дәрігерге жүгіну сұралады. Қоғамдық орындарда сақтық шараларын күшейту арқылы балалар мен қарттарды қорғау маңызды.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.