Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысындағы төтенше жағдай: Үкімет 3,6 млрд теңгеден аса қаражат бөлді

0 385

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет табиғи сипаттағы төтенше жағдай салдарынан Жамбыл облысының аграрларына келтірілген залалды өтеуге резервтен 3,6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Премьер-министр Әлихан Смайылов тиісті қаулыға қол қойды.

Биыл Жамбыл облысының көптеген ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері су тапшылығы салдарынан шығынға батты. Өңір әкімдігінің хабарлауынша, Байзақ, Жамбыл, Қордай, Меркі, Тұрар Рысқұлов және Талас аудандарындағы 400 АӨК субъектісінің 9 мың гектар алқаптағы егісі қуаңшылықтан зардап шеккен. Бұл жағдайға байланысты премьер-министрдің өкімімен облыста табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Үкімет резервінен бөлінген қаражат шаруаларға шығынның орнын толтырып, келесі жылдың көктемгі дала жұмыстарына толық дайындалуға мүмкіндік береді.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.