Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: әскери прокуратура сот үкіміне шағым түсірмек

0 279
2023 жылғы 14 қыркүйекте Сенат кулуарында ҚР Бас әскери прокуроры Дастан Секенов әскери прокуратура Жамбыл облысында өз-өзіне қол жұмсаған сарбаздың ісі бойынша шығарылған үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді.
Бекбол Мираш өз-өзіне қол жұмсаған шекара заставасының сержанты Айбек Нұртаевқа күш қолданып, бопсалады және билігін асыра пайдаланды деген айып тағылған еді. Оған сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып тағылды, ол сотта расталмады. Бұрынғы әскери қызметкер 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

«Үкім шығарылды. Оны өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша материалдар бөлек өндіріске бөлінді. Біз бұл бөліктегі үкіммен келіспейміз, апелляциялық шағым түсіреміз. Ал апелляциялық шағымның қорытындысы бойынша сіздерге ақпарат беремін».Дастан Секенов

Ол сондай-ақ марқұмға жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген нұсқаны жоққа шығарды. Бұл мәселе, бас әскери прокурордың айтуынша, бірнеше рет талқыланған.

«Шәуеттің ізі қалған деп біржақты айтуға болмайды. Ол биологиялық заттың ізі. Сарапшының бағалауы дұрыс болды дей алмаймыз. Біз бірнеше қайтара сараптама жүргіздік, генетикалық зерттеулер жүргіздік, онда да расталған жоқ. Сараптама бар, ол жөнінде айтылған. Бірақ қайталап тексерулер жүргізілді, ол растамады. Сексуалдық зорлық-зомбылық болған жоқ деп нақты айта аламын».Дастан Секенов

Бас әскери прокурор марқұмның аузында және киімінде шәует ізі табылғанын айтқан адвокат Сержан Пірәлиевтің әрекеті кәсібилікке жатпайтынын айтты.

«Марқұмның ар-намысы мен қадір-қасиетіне тиетін сәттер бар. Сондықтан бұл ақпаратты БАҚ арқылы тарату арқылы адвокат өте қате әрекет жасады деп ойлаймын. Ол блогер емес, кәсіби заңгер екенін атап өткім келеді. Дегенмен кәсіби қызметті іске асыру кезінде ол қылмыстық-прцестік құқықтардың нормаларын және адвокаттық қызмет туралы қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алуы керек. Ал оған мәлім және оның кәсіби қызметіне байланысты мән-жайларды айту дұрыс емес», – деді Дастан Секенов.

2022 жылғы 19 тамызда Жамбыл облысында әскери борышын өтеп жүрген атыраулық сарбаз өз-өзіне қол жұмсады. Бекбол Мираш – Қызылқоға ауданы, Миялы ауылының тумасы.18 жастағы Бекбол 2022 жылдың көктемінде әскер қатарына шақырылып, Жамбыл облысына әскери борышын өтеуге жіберілді.

Сарбазды суицид жасауға итермелеген сүйіктісімен жанжал деген нұсқа айтылды. Алайда кейінірек сарбаздың сүйіктісі бұл күдікті жоққа шығарды. Кейін күдікті ретінде осы бөлімнің сержанты Айбек Нұртаев танылды. Оған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 451-бабының 2-бөлігі («Ауыр зардаптарға әкеп соққан билікті асыра пайдалану») бойынша айып тағылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.