Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысындағы ірі кәсіпорындар қызметкерлеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді

0 1  540

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Жамбыл облыстық филиалы өкілі «ЕвроХИМ-Удобрения» ЖШС қызметкерлеріне ұзақ мерзімге демалысқа шыққан кезде МӘМС жүйесіндегі мәртебені сақтап қалу тәртібі бойынша түсіндірді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметкерлерінің сұранысы бойынша МӘМС жүйесінің жұмысы жайлы қор өкілдері облыс аумағында орналасқан ірі кәсіпорындарда жан жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кезең-кезеңімен өткен кездесулерден соң Жамбыл облысы бойынша медициналық сақтандыру қорының мамандары «ЕвроХим -Удобрения» ЖШС қызметкерлеріне ұзақ мерзімді демалысқа шыққан кездегі медициналық сақтандыру төлемдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Өйткені ақпараттық жүйеге төлемдерді айларға бөліп енгізбеген соң көптеген азаматтар сақтандырылған мәртебелерінен айырылып қалған кездер кездескен еді. Осы орайда қор өкілдері есепші мамандарға төлем жүргізудің жолдарын түсіндіріп, Заң талаптарымен таныстырды.

Ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар ұзақ демалысқа шыққан кезде «Сақтандыру» мәртебесін сақтап қалу үшін МӘМС-ке жарнаны қалай төлейді?
Қор мамандары жұмыс беруші міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін екі айға бөліп, ақпараттық жүйеге дұрыс енгізуі қажеттігін баяндады.

Егер демалыс бірнеше кезеңді (бір айдан астам) қамтитын болса, онда міндетті медициналық сақтандыру төлемдерін кезеңдерге бөлуі тиіс. Мысалы, сіз наурыз және сәуір айларында демалыста болды делік. Бұл жағдайда есепші төлемдерді бір сомада емес, екі түрлі кезеңге (наурыз және сәуір) есептеуі керек.

Сонымен қатар, кездесуде МӘМС жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер көтеріліп, қызметкерлер өздерін толғандырған сұрақтарына тұщымды жауаптар алды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.