Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жамбыл облысындағы эпидемиологиялық жағдай және вакцинацияның жүргізілуі»

0 242

Мониторингке сәйкес, 2021 жылдың 13 қазанға облыс аумағында жалпы COVID-19 індетінің 20 463 жағдайы тіркелді, 100 мың тұрғынға шаққанда аурушаңдылық көрсеткіші 1797,2 құрады. Пневмонияның – 7600 жағдайы тіркелген (100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш 667,5).

Өткен тәулікте КВИ-дың 25 жағдайы (тәуліктің өсім 0,1%),  Пневмонияның 14 жағдайы (тәуліктің өсім 0,2%) тіркелді. 19534 азамат сауығып шықты,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Ағымдағы жылдың 13 қазанға сағат 07:00-дегі ақпарат бойынша инфекциялық стационарларда (1565 төсек орын) – 476 (төсек орындар 30%-ға толтырылған), о.і. 58 реанимацияда (185 төсек орындар 31%-ға толтырылған) науқас ем қабылдауда.

Карантиндік стационарларға 5 тұлға (170 төсек орындардың толуы 3%) орналастырылған.

Инфекциялық стационарлардағы науқастардың денсаулық жағдайлары тұрақты бақылауда.

Вакцинация – бұл адам қоздырғыштарымен байланысқанға дейін аурудан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі.

Вакцинация ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін бірқатар жұқпалы ауруларға қарсы тұру үшін қолданады және иммундық жүйеңізді күшейтеді.

Жалпы облыс бойынша 18 жастан жоғары 582 000 адамды коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жоспарлануда, қазіргі таңда, 464  982тұлға екпе алып, 79,9% құрады.

Жалпы облыс бойынша 23 МСАК ұйыдарында 43 егу пункттері бар, оның 15-і қалада, 28-і аудандарда орналасқан.

2021 жылдың 1 ақпанынан бастап облысқа 57070 доза QazCovid-in – Отандық вакцина (28535 адамға), 351 700 доза Спутник V вакцинасының 1 компоненті және 316 070 доза 2 компоненті, 60 000 доза (30 000 адамға) Хаят Вакс вакцинасы келді, 34 000 доза (17 000 адамға) КоронаВак вакцинасы, 124 000 (62 000 тулғаға) арналған Vero Сell Синофарм вакцинасы келді. Жалпы өсіммен 484 207 тұлға 1-ші компонентімен, оның ішінде 27 881 тұлға Отандық, 347 595  тұлға Спутник V, 29 911 тұлға Хаят Вакс вакцинасымен, 17 000 тұлға КоронаВак вакцинасымен және 61 504 тұлға Синофарм вакцинасымен екпе алды: оның ішінде 17 463 (3,7%) мед.қызметкерлері, 28 915 (6,2%) білім беру мекемелерінің қызметкерлері, 13 352 (2,8%) арнайы күш қызметкерлері, 6 455 (1,4%) мемлекеттік қызметкерлер және де 412 920 (86%) басқа да тұлғалар.

2-ші компонентімен өсіммен 391 211 тұлғаға екпе жүргізілді. Егуден кейінгі асқынулар тіркелген жоқ.

Бүгінгі күнге Отандық вакцинаның 654, Хаят Вакстың 0 дозасы, Спутник V 1 компоненттің 4 105, 2 компоненттің 25 728 дозасы қалды, КоронаВактың 0 доза 1 тур, 2 тур – 417 доза, Синофарм – 496 доз.

Жалпы коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілуде және атқарылып жатқан іс-шаралар тұрақты бақылауда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.