Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында төтенше жағдайларды алдын алу және жою комиссия отырысы өтті

0 393

Ағымдағы жылдың 4 қарашасында Жамбыл облысы әкімшілігінде, облыс әкімінің орынбасары Дәулет Рүстем Рысбайұлының төрағалығымен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның отырысы өтті,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Отырысқа ТЖ департаментінің, жергілікті полиция қызметінің, Денсаулық сақтау басқармасының, білім басқармасының, «Қазгидромед» РМК Жамбыл филиалының, «Қазсушар» РМК Жамбыл филиалының, «ҚазАвтоЖол» ҰК «АҚ филиалының,» Шу-Талас бассейндік инспекциясы » РММ өкілдері және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты. Қалалық және аудандық әкімдіктердің өкілдері селекторлық кеңес режиміне қатысты.

Жамбыл облысының Қыс мезгіліне дайындығы және Қыс-2021 Командалық штабтық оқу жаттығуын өткізу туралы Жамбыл облысы ТЖ департаменті төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының аға инженері Д. Жапаров, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті Мемлекеттік өрт басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы     Садирмеков Жомарт Сағатбекұлы, Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Денис Алексеевич Охрименконың Облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысы Шүкеев Мұратхан Жүнісәліұлы, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібеков Бақытжан Оразалыұлы баяндама жасады.

Отырыс барысында 2021 жылғы шомылу маусымның өту бойынша қорытынды есебі, 2021 жылғы өрт қауіпті кезеңнің қорытындысы және орын алған кемшіліктерді жою туралы, Облыстық азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерінің «Қыс-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізуге дайындық шаралары талқыланды. Барлық мүдделі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың басшыларына тапсырмалар берілді:

  • қыс мезгілінде аудандық  маңызы бар автомобиль жолдарын  күтіп ұстауға жауапты барлық мекемелермен ұйымдардың қысқа даярлықтары бойынша тексеріс жүргізуге;
  • Ерікті өртке қарсы құрылымдардың Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау туралы» Заңының 68-бабы 3-тармағына сәйкес арнайы оқу орталықтарында алғашқы дайындығынан өткізу;
  • Қысқы кезең жағдайында төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдары мен күштерін даярлау;

Іс-шара соңында комиссия төрағасы Дәулет Рүстем Рысбайұлы барлық органдардың тек жауапты және үйлесімді жұмысы ғана қыс кезеңіндегі төтенше жағдайлардың алдын алатынын атап өтті.

Жамбыл облысы ТЖД 

Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының инженері  

 Абенов Данияр

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.