Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында марганец кенін өңдеу зауытын салу жоспарлануда

0 313

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов «Юаньтуо Энерджи» ЖШС Бас директоры Лю Цзибяомен кездесті.

Тараптар өзара тиімді ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, нығайту жоспарларын талқылады.

Лю Цзибяо марганец кенін қайта өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық жобасын таныстырды. Жоба құны – 30 миллион АҚШ доллары. 100 жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты – жылына 72 000 тоннаны құрайды.

Сонымен қатар қытайлық компания 100 МВт-қа дейінгі күн және жел электр станцияларын салуға ниетті. Инвестицияның жалпы көлемі 100 миллион АҚШ долларын құрайды.

Нұржан Нұржігітов кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, энергетика және ТКШ басқармаларына жобаларды қолдау бойынша мүмкіндіктерді қарастыруды тапсырды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.