Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында әкелеріне бару үшін жүк пойызына жармасқан екі баланың бірі қаза тапты

0 322

7 жастағы баланың өлімін Талас облысының орталық аудандық ауруханасы растады. Баланың алған жарақаты өте ауыр болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Ауруханаға келгенде екі балаға да бас-ми жарақаты, қатар жүретін жарақат деген диагноз қойылды. 2015 жылы туған бала алған жарақатынан көз жұмды. Екінші баланың жағдайы орташа ауыр, ол қазір хирургия бөлімінде жатыр”, – деп мәлімдеді Талас ауданы орталық аудандық ауруханасының бас дәрігері Есмахан Имаммырзаев.

Әзірге дәрігерлер ешбір болжам айтпайды. Қазірге дейін белгілісі, бір күн бұрын жеті және тоғыз жастағы балалар жүк пойызының вагонына жармасып, үстіне шығып алған. Олар басқа ауылда тұратын әкелеріне барғысы келген.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.