Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында екпе салу жалғасуда

0 169

   Жамбыл облысы – эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл» аймақта орналасқан. Дегенмен, тұрғындардың коронавирусты инфекциядан вакцинациялануы маңызды. Бүгінде облыста 631300 ересек тұрғын вакцинациялауға жатады,-деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта азаматтар екпені медициналық ұйымдардың 118 кабинетінде ала алады, сондай-ақ 30 көшпелі егу бригадасы және 10 жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

2021 жылғы 1 ақпаннан бастап облысқа екі реттік вакцинация үшін:
– QazCovid-in немесе QazVac Қазақстандық вакцинасының 109 180 дозасы;
– Қарағанды фармацевтикалық кешені өндірісінің «Спутник V» вакцинасының 1 компонент үшін 391 700 дозасы, 2 компонент үшін 370 660 дозасы;
– Hayat-Vax Қытай өндірісі вакцинасының 60 000 дозасы;
– CoronaVac Қытай өндірісі вакцинасының 34 000 дозасы;
– СинофармVeroCell Қытай өндірісі вакцинасының 124 000 дозасы жеткізілді.
Бүгінгі күні егу пункттерінде «Спутник V», «СинофармVeroCell, QazVac вакциналары бар. Облыс тұрғындарының 519 008(60,2%) 1 компонентті алды, вакцинация курсын 426 731 (67,6%) тұлға аяқтады.
Мақсатты топтар бойынша жағдай келесідей:
– 17 537 медицина қызметкерлері;
– 28 944 білім беру мекемелерінің қызметкерлері;
– 13 135 арнайы органдар қызметкерлері;
– 6 462 мемлекеттік қызметкерлер;
– 452 930 халықтың өзге топтары.
Екпе салынған тұрғындар арасында реакциялар мен асқынулар тіркелген жоқ. Тұрғындарды иммундау науқаны жалғасуда.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.