Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында Білім күні мыңға жуық полиция қызметкері қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етті

0 406

Білім күні мыңдаған оқушы мектеп табалдырығын аттады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері дәстүрлі түрде күшейтілген қызмет режиміне көшірілді.

Бірінші қыркүйек күні Жамбыл облысы Полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлері мектептердегі салтанатты жиындарға қатысып, сынып сағаттарында профилактикалық әңгіме жүргізді. Сұқбат барысында олар оқушылар мен ата-аналарға жол ережесін қатаң сақтау туралы ескерте келе, жаңа оқу жылына сәттілік пен жоғары жетістіктер тіледі. Ал оқушылар патрульдік полиция көліктерімен естелікке суретке түсіп, оның ішкі жағдайымен танысты.

Сонымен қатар, салтанатты шараға «Халық қаһарманының» ұлы Әділжан Байтасов және облыстық қоғам қайраткерлері де қатысып, балаларға жол ережесін сақтаудың маңыздылығы туралы түсіндірді.

– Бүгін біз мектептердегі іс-шараларға қатысып, балаларға ЖЖЕ негіздері туралы түсіндірдік, қауіпсіз жүру бағыттары әзірленіп, күнделіктерге жазылды, сонымен қатар бояу кітаптары, жадынамалар мен буклеттер таратылды.
Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау — әрбір ата-ана мен оқушылардың басты назарында болуы қажет,- деп атап өтті Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ бастығының орынбасары Руслан Оразбақов.

Сондай-ақ, жаңа оқу жылы қарсаңында полиция қызметкерлерімен барлық оқу орындарының қауіпсіздік жағдайы тексеріліп, мектеп айналасындағы жол жүру техникалары, жасанды кедергілері, жаяу жүргіншілер жолағындағы белгілер жаңартылып, орнатылды.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.