Т.Рысқұлов аудандық полиция бөлімі мен Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері бірлесіп жедел іздестіру шараларын жүргізді. Тексеріс барысында жақын маңдағы ауыл тұрғынының заңсыз әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.
Күдікті өз кінәсін мойындады, деп мәлімдеді Жамбыл облыстық ПД.
Каменка ауылнда тұратын 32 жастағы ер адам оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды сақтаған. АКСУ-74 маркалы автомат, тегіс ұңғылы қарулар мен 5,45 калибрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленген.
Аталған дерек бойынша ҚК-тің 287-бабы, 3-бөліміне сәйкес қылмыстық іс қозғалды.Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.Алынған қару-жарақтардың бұрын болған қылмыстарға қатысы бар жоғын анықтау үшін сот-баллистикалық сараптамалар тағайындалды,