Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында алғашқы жарты күнде 3 шетелдік автокөлік заңдастырылды

0 193

23 қаңтардан бастап Қазақстанда шетелдік көлік құралдарын заңдастыру басталды. Таңертеңнен бастап облыс тұрғындары заңдастыруға 80-ге жуық өтініш берді. Оның ішінде 3 автокөлік барлық қажетті тексерулерден толығымен өтіп, тіркеу құжатын және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілерін алды.

Айта кететін жайт, Қазақстан азаматтары 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелген шетелдік есептегі жеңіл автокөліктер, шағын және орта автобустар, шағын жүк көліктері, басқаруды оң жақта орналасқан көлік құралдары заңдастыруға жатады.

Сондай-ақ, заңдастырылатын көлік құралы іздеуде болмауы керек, басқа мемлекетте бұрынғы тіркелген жері бойынша есептен шығарылуы және қажет болған жағдайда кедендік тазартудан өтуі тиіс.

Жария етуге өтінімді е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейдегі банктердің қосымшалары арқылы және халыққа қызмет көрсету орталықтарында беруге болады.

Автокөлікті заңдастыру үшін келесі құжаттарды ұсыну қажет: өтініш, өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат, көлік құралының паспорты немесе тіркеу туралы куәлік, көлік құралына меншік құқығын растайтын құжат.

Нәтиже арнайы базада тіркеледі және 1414 нөмірінен көлік иесінің телефонына SMS-хабарлама жолданады. Егер автокөлік жария етілуге жататын болса, онда мемлекеттік алымдарды төлеу қажет. Бастапқы тіркеу үшін иесіне 200 000 теңге; техпаспорт үшін мемлекеттік баж – 4 313 теңге; мемлекеттік нөмір үшін – 9 660 теңге төлем жасалады.

Барлық құжаттар тексеріліп, төленгеннен кейін көлік иесіне тіркеу құжаты және Қазақстан Республикасының мемлекеттік нөмірлік белгілері беріледі.

Заңдастыру 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.