Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысында 2 қап қару мен оқ-дәрілер табылды

0 761

Жаппай тәртіпсіздік кезінде ұрланған қару-жарақтардың орнын анықтау мақсатында жүргізілген жедел-іздестіру жұмыстары барысында полиция қызметкерлерімен бір тәулікте 11 қару мен әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрондарды табылды, – деп хабарлайды «Jambyl-Taraz».

Мысалы, полицейлер Тараз қаласындағы құрылысы аяқталмаған ғимараттардың бірінің жанынан қару-жарақ пен оқ-дәрілер сақталған қойманы тапты.

Екі қаптың ішінен 2-дана «Калашников» автоматы, 2-дана «ТОЗ» маркалы аңшылық карабині, «Сайга» маркалы мылтық, 2-дана ойық қару, «Байкал» тегіс ұңғылы мылтығы, автоматтың оқжатары және әртүрлі калибрлі 300-ден астам патрон тәркіленді.

Табылған қарулардың барлығына сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жерін хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған адам басқа құқық бұзушылықтарға қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын еске салады. Анонимділікке кепілдік беріледі.

Жамбыл облысы Полиция департаментi

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.