Жамбыл облысы әкімінің өкіміне сәйкес Мәди Мейірбекұлы Мәтен облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Мәди Мейірбекұлы 1984 жылы туған. 2004 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін тәмамдаған. Еңбек жолын 2004 жылы «Жаңа өмір – Новая жизнь» газетінің редакциясында фототілші болып бастаған.
2005-2011 жылдары Жуалы ауданы әкімі аппаратында бас маман, бөлім жетекшісі, 2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының бас инспекторы, 2012-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы, 2017-2019 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы, 2019-2020 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі, 2020-2022 «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, 2022 жылғы сәуір-мамыр аралығында Жамбыл облысы әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
2022 жылғы мамырдан бастап Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында еңбек етіп келді.