Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы Тараз қаласының, Жамбыл және Байзақ аудандарының шекараларын өзгерту және белгілеу туралы

0 400

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 108-бабының 3 тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілк-аумақтық құрысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2)-тармақшасына сәйкес және Тараз қаласы, Жамбыл және Байзақ ауданы әкімдіктерінің және мәслихаттарының бірлескен ұсыныстары негізінде, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жамбыл облысының Тараз қаласы және келесі аудандарының шекаралары өзгертілсін және белгіленсін:
1) осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 257,9181 гектар жер бөлігін, Байзақ ауданының жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жер бөлігін қосу арқылы Тараз қаласының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 31 798,0742 гектар болып белгіленсін;
2) осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына Жамбыл ауданының жалпы көлемі 11 257,9181 гектар жер бөлігін беру жолымен Жамбыл ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 412 402,0819 гектар болып белгіленсін;
3) осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімінің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына Байзақ ауданының жалпы көлемі 1 761,2014 гектар жер бөлігін беру жолымен Байзақ ауданының шекарасы өзгертіліп, шекаралардың жалпы көлемі 444 259,80 гектар болып белгіленсін.
2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысының және Жамбыл облыстық мәслихаты шешімінің орындалуын бақылау Жамбыл облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жамбыл облысы Тараз қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Жамбыл және Байзақ аудандарының жері бөліктерінің экспликациясы

Р/с№

 

Жерлердің атауы Жалпы ауданы (гектар)                                                           оның ішінде:
ауылшаруашылығымақсатындағыжері (гектар) елдімекендердіңжері (гектар) өнеркәсiп, көлiк, байланысжері, ғарышқызметі, қорғаныс, ұлттыққауіпсіздік, ядролыққауіпсіздікаймағымұқтажынаарналғанжержәнеауылшаруашылығынаарналмағанжер (гектар) суқорыныңжері (гектар) босалқыжер (гектар) орман қорының жері (гектар) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер (гектар)
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
1 Таразқаласыныңбекітілгеншекарасы (шегі) 18 778,9547 1 904,00 13 680,9547 3194,00  

 

2 Жамбыл ауданының бекітілген шекарасы (шегі) 423 660,00 233 944,00 26 204,00 7 918,00 532,00 29 254,00  

124 852,00

 

956,00

3 Тараз қаласының шекарасына (шегіне) қосылатын Жамбыл ауданы Жамбыл, Қаратөбе, Гродеково, Қарой, Бесағаш, Полатқосшы, Ақбұлым ауылдық округтерінің жерлерінен жер көлемі 11 257,9181 5 846,6491 3 180,8235 128,6956 163,9925 1937,7574  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Байзақ ауданының бекітілген шекарасы (шегі) 446 021,00 158 263,00 24123,00 2 241,00 325,00 40 477,00  

220 592,00

 

5 Тараз қаласының шекарасына (шегіне)  қосылатын Байзақ ауданы Қостөбе, Ботамойнақ, Қызылжұлдыз, Бурыл ауылдық округтерінің жерлерінен жер көлемі 1 761,2014 796,203 806,5227 46,6243 21,7288 90,1226
6 Таразқаласыныңшекарасы (шегі) 31 798,0742 8 546,8521 17 668,3009 3 369,3199 185,72 2027,88       –
7 Жамбыл ауданының шекарасы (шегі) 412 402,0819 228 097,3509 23 023,1765 7789,3044 368,0075 27 316,2426 124 852,00 956,00
8 Байзақ ауданының шекарасы (шегі) 444 259,80 157 466,80 23 316,48 2194,38 303,27 40 386,88 220 592,00
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.