Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры тағайындалды

0 535

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы Басқарма Төрағасының бұйрығымен Латипа Қожамжарова Жамбыл облысы бойынша кәсіби даму институтының директоры болып тағайындалды.

Латипа Қожамжарова Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогика институтын «Биология және химия пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жаратылыстану ғылыми бағытындағы «Биология» магистрі және «Ботаника, Биохимия және өсімдіктер физиологиясы» мамандықтары бойынша биология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі, қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын алған.

Еңбек жолын 2002 жылы ҚР ҒЖБМ «Биологиялық зерттеулер орталығы» ҒК «Ботаника және фитоинтродукция» институтында бастаған.
2010-2012 ж. Тараз Мемлекеттік Педагогика Институты «Биология және БОӘ» кафедрасының доценті.
2012-2018 ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университет «Биология» кафедрасының меңгерушісі, доценті.
2018-2022 ж. Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің профессоры, «Жаратылыстану ғылымдары» кафедрасының меңгерушісі.
2022-2024 ж. Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты «Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар» басқармасының басшысы, доцент міндетін атқарған.

2004-2023 жж. Қытай, Ұлыбритания, Өзбекстан, Германия және Ресей мемлекеттерінің жетекші ғылыми зерттеу орталықтарына ғылыми тағылымдамадан өткен, халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлік, ғылыми жобалау бойынша ментор, сарапшы.

Педагогикалық қызметте зерттеу дағдылары бар, кәсіби және ғылыми-зерттеу қызметі саласында көшбасшы болуға қабілетті биология пәні оқытушыларын даярлауға арналған ЖОО білім беру бағдарламаларымен қатар, қайта даярлау және жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға арналған 11 оқу бағдарламасы мен «Орта мектептерде жобалық іс-әрекет арқылы оқушының зерттеушілік мәдениетін қалыптастыру аспектілері», жаратылыстану 7М015 пәндері бойынша педагог-технологтарды даярлауға арналған инновациялық 7М01088(1)-STEAM білім беру бағдарламаларының авторы.

2012-2024 жж. Ғылыми жетекші ретінде мектеп оқушылары арасынан 83 халықаралық, 24 республикалық ғылыми жоба байқауларының жеңімпазындарын және студенттер арасынан 15 республикалық пән олимпиадасының және 5 кәсіпкерлікке арналған стартап жобаның жеңімпаздары даярлаған.

Жеке және бірлескен авторлықта 300-ден астам ғылыми еңбек, оның ішінде 15 мақала Scopus, 6 мақала Web of science деректер базасында, 90 мақала ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынған басылымдарда, 120-дан астам мақала мен тезистер шетелдік ғылыми журналдарда жарияланған. 5 патент, 11 авторлық куәлік, 1 оқулық, 10 оқу құралы, 4 монография авторы. Хирш индексі: Scopus бойынша -3, Web of science бойынша -3.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.