Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің 2024 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстарының нәтижесі
Жамбыл облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті тарапынан 2024 жылдың І жартыжылдығында аудиторлық іс-шарамен 38 нысан қамтылды, атап айтқанда, департаменттің 2024 жылға арналған мемлекеттік аудит объектілерінің тізбесі бойынша – 5 нысан, жоспардан тыс – 33 нысан, оның ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы бойынша – 5 нысанда, заңды және жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша 28 нысанда аудиторлық іс-шаралар жүргізілді.
Аудиторлық іс-шаралардың нәтижесі бойынша, 38 нысанда жалпы сомасы 64 118,4 млн теңгені құрайтын бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар – 59 670,8 млн теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 4447,6 млн теңге, оның ішінде мемлекеттік сатып алу заңнамасы талаптарының бұзушылықтары 2 448,0 млн теңгені құрады.
Бюджетке қайтарылып, қалпына келтірілуге тиіс 1 791,0 млн теңгенің бөлігі, яғни 120,6 млн теңгесі қолданылған шаралар арқылы қайтарылып, қалпына келтірілді, яғни орнын толтыру 6,7 пайызды құрады.
Жүргізілген іс-шаралардың қорытындысы бойынша 27 лауазымды тұлға тәртіптік жазаға тартылды, 15 тұлғаға әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы 6,1 млн теңгеге толтырылып, аталған сома толығымен бюджет есебіне өндірілді, яғни орнын толтыру 100 пайызды құрады.
Сондай-ақ департаментпен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің тапсырмасы мен заңды және жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша жүргізілген аудит материалдарының жалпы сомасы 1 440,5 млн теңгені құрайтын 4 материалы құқық қорғау органдарына берілді.
Одан басқа, департаментпен 2024 жылдың І жартыжылдығында құқық қорғау органдарының материалдары бойынша жалпы сомасы 507,2 млн теңгені құрайтын 15 маман қорытындысы беріліп, барлық материалдар талап бойынша құқық қорғау органдарына жіберілді.
Р.Ділдаев,
Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаментінің басшысы