Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысы тағайындалды

0 471
Жамбыл облыстық мәслихаты төрағасының 2024 жылдың 12 шілдедегі №67-ж/қ өкімімен Абдукасымов Даурен Рахимович Жамбыл облыстық мәслихаты аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Абдукасымов Даурен Рахимович еңбек жолын Меркі ауданы әкімиятынан бастаған.
2005 – 2008 жылдары аталған мекеменің бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, бас инспектор қызметтерін атқарған.
2009-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратында бас инспектор, облыс әкімінің көмекшісі қызметтерін атқарған.
2012-2014 жылдары Қордай ауданы әкімінің аппарат басшысы лауазымын атқарған.
2015 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің консультанты қызметін атқарған.
2015-2017 жылдар аралығында Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, Талас ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2017-2020 жылдары «Тарлан батырлары» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бас заңгері.
2020-2024 жылдар аралығында Тараз қаласы әкімі аппаратының басшысы, Тараз қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі лауазымдарын атқарған.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.