Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жамбыл, Кенен ұрпақтары тәуелсіздікті жырлайды»

облыстық жас ақындардың жабық мүшәйрасына қатысыңыздар!

0 508

2023 жылдың 6 қараша – 6 желтоқсан аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы «Жамбылтану» бөлімінің ұйымдастыруымен тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы тағдырлы, талайлы жолдары жайын толғайтын «Жамбыл, Кенен ұрпақтары – тәуелсіздікті жырлайды» атты облыстық жас ақындардың жабық мүшәйрасы өтеді.
Мүшәйраның мақсаты – ұлтымыздың ұлы ақындары Жамбыл Жабаев пен Кенен Әзірбаевтың өмірі мен шығармаларын насихаттай отырып, тәуелсіз еліміздің өткен тарихы мен бүгінгі жасампаз келбетін паш ету;
– қазақ әдебиетінің дамуына жас ақындардың үлесін қосу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету, дәріптеу;
– оларға қолдау көрсету, жоғары деңгейдегі өлең- жырларды жазуға ынталандыру, шеберліктерін шыңдау, шығармаларын оқырмандар арасында насихаттау;
– жас буынды ұлттық мәдени құндылықтар рухына, қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.
Мүшәйраның талаптары мен шарттары: «Жамбыл, Кененге арнау» тақырыбы бойынша 1 шығарма /өлең/; Тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі жолындағы тағдырлы, талайлы жолдары жайын толғайтын 2 шығарма /өлең/; Мүшәйраға облысымыздың 17-35 жас аралығындағы барлық ақындары қатыса алады. Шығарманың көлемі 5 шумақтан кем болмауы және 15 шумақтан аспауы керек.
Ақындардың шеберлігіне, өлең ұйқасына, ой тереңдігі мен жүйелілігіне, сөз көркемдігіне, мағынасына, тіл тазалығына баса назар аударылады;
Ұсынылған шығармалар рецензияланбайды және авторға қайтарылмайды;
Ұсынылған еңбектер компьютер арқылы терілген болуы тиіс. «Microsoft Word» файлды форматты түрінде «Times New Roman» қарпі, 14-ші әріппен (шрифтпен), «А4» парақ форматында терілуі керек. Қолмен жазылған шығармалар қабылданбайды. Ұсынылған шығарма 5 дана болып, бірінші конвертке тек қана бүркеншек атпен ұсынылуы керек;
Ақын өзі туралы мәліметті (туған жылы, қызметі немесе оқу орны, мекенжайы, байланыс телефоны, жеке куәлігі /көшірмесі/ мен 9х12 суреті мен бүркеншек атын екінші конвертке салып) ұсынуы керек;
Ұсынылған шығарма талапқа сай болмаса, яғни шығармасына аты-жөнін жазып жіберсе, мүшәйраға қатыстырылмайды.
Қатысушылардың шығармалары 2023 жылдың 6 желтоқсанына дейін қабылданады;
Қабылданған өлеңдер арнайы бекітілген қазылар алқасының сараптауынан жабық түрде өтеді;
Қазылар алқасының қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен ақшалай сыйлықтар, кәдесыйлар тапсырылады.
Мүшәйра кезеңдері:
1. Іріктеу кезеңі – 6 желтоқсан;
2. Марапаттау кезеңі – 13 желтоқсан. Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 18/2 ғимараты, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында өтеді.
Марапаттау:
Бас жүлде – 1;
І орын – 1;
ІІ орын – 1;
ІІІ орын –1.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар туралы ақпа- рат «Фейсбук» әлеуметтік желісіндегі «Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығы» ресми парақшасында жарияланып, БАҚ арқылы насихатталады.
Мүшәйраға қатысушылар 2 конвертке салынған шығармалары мен өздері туралы анықтамаларын Тараз қаласы, Көшек батыр көшесі №1, «Жамбылтану» бөліміне басқа адам арқылы (автордың кім екені белгісіз болуы үшін) тапсыруы тиіс немесе почта арқылы жіберулері керек.
Анықтама үшін байланыс телефондары: 8 (7262) 450184, 8 702 604 00 31.

Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығының «Жамбылтану» бөлімі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.