Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жамбыл ауданында ауыл әкімінің сайлауы өтуде

0 231
Өткен жылы 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.

Бүгін Жамбыл ауданы, Тоғызтарау ауылдық округінде сайлау өтуде.

Ауылда 1 сайлау учаскесі бар.

Тоғызтарау, Құмсуат, Жаңа өткел ауылдарының тұрғындары №179 сайлау учаскесіне келіп, өз дауыстарын беруде. Округте дауыс берушілер саны 427 тұрғынды құрайды.

Сайлау учаскесі бүгін таңғы сағат 7:00-ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты.
Кешкі сағат 20:00-де дауыс беру тоқтатылады.

Қазіргі таңда дауыс беру жұмыстары қарқынды жалғасуда.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.