Қалалық қоғамдық-саяси газет

«Жалаңаш шыға салмаған екен»: Сиви Махмуди ота жасатқан омырауын оразада көрсетті (ВИДЕО)

0 4  779

Әнші Сиви Махмуди Гүлзира Айдарбекованың туған күніне ерекше образ таңдап, елден оңбай сөз естіді. Қалың көпшілік өнер иесінің ашық көйлек киіп барғанына шүйліккен деп жазды turkystan.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Сиви Махмуди Айдарбекованың жеке мерекесіне ұзын гүлді көйлек киген. Алайда әнші таңдаған көйлектің кеудесі ашық болды. Бұл жайт желі қолданушыларына ұнамай, көпшіліктің наразылығын тудырған. Оқырмандар әртістің қасиетті Рамазан айында ашық киінгеніне шүйліккен.

«Өте ашық алды, керегі жоқ еді», «Оразада ашық киінуге болмайды,  «Жалаңаш шыға салмаған екен, кеудесіп сонша ашып», «Қасиетті айда бұл образ аса ерсі болды», – деп жазуда халық.

Желідегілердің сынынан кейін Сиви Махмуди суреттеріне пікір қалдыру мүмкіндігін шектеп, өзін барынша ақтап алуға тырысты.

«Мақтап та, ұрсып та жатқан жандарға рахмет. Біреу көйлегің әдемі екен, біреу алды ашық екен, деді. Тапсырыспен бердім, суретте басқаша сияқты еді. Бірақ өзіме қатты ашық емес, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Өзіме қатты ұнады. Өте нәзік, әдемі көйлек», – деді ол Instagram парақшасында.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.