Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жал басынан тазалық сақтамаған 17 азаматқа айыппұл салынды

0 68
Қала аумағында құрылыс қалдықтары, стихиялық қоқыстың тиісті орынға тасталынуы, тұрғындардың тазалық сақтауы бойынша аумақтық инспекторлар тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.
Айталық, өткен жылы жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Тараз қаласында күл-қоқыстарды арнайы орынға тастамаған тұлғалар бойынша іс-шаралар жүргізілді. Соның нәтижесінде былтырғы жылы 1182 нысан иесінің талапқа сай тазалық сақтамағаны анықталды. Оның ішінде 1008 тұрғынға ескерту берілсе, 174 азаматқа айыппұл салынды.
Сонымен қатар, биыл жыл басталғалы бері 1 қаңтар мен 14 қаңтар аралығында тазалық сақтамаған 128 нысан иесі анықталса, 111 адамға ескерту берілді және 17 адамға айыппұл салынды.
Жалпы, тазалық сақтамаған тұрғындарға, нысан иелеріне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабы бойынша 34 500 теңге мөлшерінде айыппұл белгіленген.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.