Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жалған ақпарат таратқандар 7 жылға дейін сотталады

0 477

Ішкі істер министрінің міндетін атқарушы Ерлан Тұғымбаев жалған ақпарат таратқандар жазаға тартылатынын ескертті.

Тұрғымбаев қазақстандықтарды шектеу шараларына шыдамдық танытып, сақ болуға, күдікті деректер туралы полицияға хабарлауға шақырды.
«Әсіресе лаңкестерге қарсы әрекет орнында сақ болуды, арандатуға берілмей, барлық күдікті дерекді полицияға хабарлауды сұраймын. Бұл арқылы еліміздегі тәртіпті қалыпқа келтіруде құқық қорғау органдарына үлкен көмек боласыздар», – деді Е.Тұрғымбаев.
Ол мұндай қиын уақытта көрінеу жалған ақпарат таратуға болмайтынын, ал ондай дерек тіркелсе, полиция әрекет ететінін ескертті.
«Мемлекеттік және ішкі істер органдарының ресми дереккөздеріне сену керек. ТЖ кезінде жалған ақпарат таратқандар ҚК 274-бабы, 4-бөлігіне сәйкес, үштен жеті жылға дейін сотталады», – деді ішкі істер министрінің міндетін атқарушы.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.