Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жайлы аялдама кешені орнатылды

0 176
Қала аумағында қоғамдық көлікпен жолаушыларды тасымалдау саласындағы мекемелер тарапынан тұрғындар үшін бірқатар шаралар атқарылуда. Соның бірі – қайтарымсыз негізінде демеушілікпен жылы аялдама кешені табысталды. Аталмыш аялдама кешені Б. Момышұлы көшесінің бойында орналасқан. Орналасу аймағындағы жер телімінің мемлекеттік актісі рәсімделген.
Аялдама кешеніне бейнебақылау камерасы орнатылған. Сонымен қатар ыңғайлы орындықтармен, қуаттау көзі, жылытқыш және салқындатқыш қондырғылармен қамтамасыз етілген.
Қала тұрғындарына жайлылық сыйлауға «Аулиеататранспасс», «Автобусный парк-2020», «Таразтрансмоторс», «Саяхат-99», «СапарТранс-2012», «Smart CityService», «Орталық диспетчерлік қызмет» ЖШС-тері атсалысты.
Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.