Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жайдарманшылар Таразда бас қосты

0 355

 

Таразда көңілді тапқырлар ойыншыларының ойыны өтті. Тараз қаласы әкімінің кубогы үшін ұйымдастырылған Оңтүстік «Номад» лигасының финалдық сайысында Қызылорда, Түркістан облыстарынан және Шымкент қаласынан, сондай-ақ жергілікті командаларды қосқанда 7 топ өнер көрсетті.

Финалдық ойын «Баласағұн» орталық концерт залында өтті.
Өткір әзілдерімен көпшілікті баураған «OIY» командасы (Тараз қаласы) бірінші орынды иеленсе, екінші орын Шымкенттен келген «Mademuazel» командасына бұйырды. Ал жүлделі үшінші орын «Қарасаз» командасының (Тараз қаласы) қанжығасына байланды.
Сонымен қатар ойын барысында «Үздік ойыншы» номинациясына «Сұрап алмадық» командасынан Әділжан Дәулетов (Қызылорда облысы) ие болды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді шаһар басшысының атынан қала әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов арнайы құттықтап, ақшалай сыйлықтар табыстады.

Қазақы қалжың, астарлы әзілмен ұтымды ойды жеткізе білген көңілді тапқырлар сайысын қолдаған көрермен қауым риза болып тарқасты.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.