Қалалық қоғамдық-саяси газет

Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаш Түркиядағы алғашқы кездесуі жайлы айтты

0 717

Жақында Жахан Отарғалиев пен Балжан Бидаштың отау құрғанына бір жыл толды. Осы ретте қос жұлдыз көрермені мен тыңдарманына алғыс ретінде өздерінің танысу хикаясын айтып берді. Актер мен әнші халықтың себепші болуымен, Түркияда танысқан. Бұл туралы Жахан өзінің YouTube арнасында жариялаған видеода баяндады, деп хабарлайды «Jambyl-Taraz» ақпарат агенттігі Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Жаңа жыл қарсаңында жарыққа шығатын «Қазақша бизнес Түркияда» фильмі Отарғалиевтің өмірін өзгертті. Стамбұлға түсірілімге барған ол ақырында сол жерден махаббатын тапты.

«Екеуміздің кездесуімізге себепші болған – халық, бүкіл ел. «Бизнес по-казахски» фильміне өтіп, Қайрат Әділгерей екеуміздің арамызда кішігірім бәсеке басталған кезде мені халықтың қолдауы ерекше болды. Сіздер болмасаңыздар, Балжан екеуміз Түркияда жолықпас едік. Өйткені өнер жолында жүрсек те, өмірде кездесіп көрмеген екенбіз», – деді Жахан.

Отарғалиев 2020 жылы 21 тамыз күні анасының батасын алып, жолға шыққан. Ұшақтан шыққан кезде бір топ адамдардың шашу шашып, домбырамен ән айтып қарсы алғанын көргенде қатты таңырқаған.

«Артыма қарадым, бастық біреу келіп қалған екен деп. Ешкім жоқ. Бәрі маған жүгіріп келе жатыр. Сол жақта қарындасым Фати ерекше қарсы алды», – деген Жахан кейін Түркияда тұратын қазақ отбасына достарымен бірге қонақ болып барғанын айтады. 

«Дастархан басында отырған кезде «Балжан келе жатыр Стамбұлға» деді.
– Кім Балжан?
– Бидаш Балжан.
– Басы бос па?
– Бос.
– Онда екеуміз үйленіп кететін шығармыз, – деп әзілдеп айттым», – деген Отарғалиев ол кезде отау құру туралы ойламағанын айтты.

Алайда Балжанды бір көргеннен ұнатып қалған ол директіне хат жазған. Стамбұлда бірге қыдыруға ұсыныс жасаған. Тіпті, қызды ұнатып қалғаны соншалық, алғашқыда дөрекі көрінбеу үшін, хатты досы Асылханға (авт. Төлепов) жаздырған.

«Ұнап қалдым шынымен. Асылхан грамотно сөйлеседі ғой. «Қайырлы күн» деп жазады, мен өмірі ондай сөз айтпаймын ғой. 4 қыркүйек күні келетін болды. Балжан келген соң, әлгі үйге қонаққа қайта шақырды. Күнде прикол айтып жүрген Жахан үндемей қалды ғой. Тамақты шаңышқымен жеп. Ертесіне караокеге бардық», – дейді Отарғалиев.

Осы кеште актер Балжанға деген сезімін білдіруді ойлаған. Сыртқа шығып әңгімелесуге шақырған. Алайда Балжан елден ыңғайсызданып, бас тартқан. Ашуға мінген Жахан Балжанға ұзын-сонар хат жазып жіберген. Бұдан кейін сөйлеспеймін деп те ойлаған. Алайда Балжанның бір ауыз сөзі оның ойын қайта өзгерткен. Себебі:

«Бір көргеннен ұнатып қалдым. Қайта жібіп қалдым», – дейді актер.

Пікір қалдырыныз

Your email address will not be published.